info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«KIM LABS» ЖШС – идеялар зертханасы

Жаңалықтар
12.09.2023

«Кәсіпкерлік – қаржылық сауат, ұйымшылдық және креатив ойлаудың үйлесімі. Яғни – өз заманының қожайыны болу, елдің сапалы адами капиталы», - дейді Вячеслав Ким.

Оның кәсіпкерлікке қадамы бала кезден басталған. Вячеслав әжесінің дүкенінде көмекші болатын. Кейіннен кәсіпкерлік қырлары күшейе түсті. Мектеп қабырғасында жүріп ол 1 қыркүйек пен 25 мамырдағы салтанатты шараларды суретке түсіріп, сату идеясы келді. Бұл ой сәтті болды және табысқа жетті. Вячеслав тапқан барлық ақшасын техника сатып алуға жұмсады, «11 сыныптың соңында менің қымбат компьютер, принтер, камера және квадракоптерім болды», - дейді Вячеслав.

Бірте-бірте фотосуретке деген қызығушылық интерактив стендтер мен үй-жайларды эстетикалық безендіруге айналды. Бүгінде Вячеслав 23 жаста және оның «KIM LABS» компаниясы үй-жайларды жобалаумен және эстетикалық безендірумен, құрылыс-монтаждау жұмыстарымен, қабырғаларға сурет салумен, стендтер, инсталляциялар, жиһаздар жасаумен, толықтырылған шындыққа енгізу үшін бейнероликтер, 3D фигуралар жасаумен және голограммалармен айналысады.

Алғашқы жобалардың бірі – мектептерде 3D визуализациялар мен бейнероликтер жасау болды. Одан әрі «ұзынқұлақ» жұмыс істеді және бірте-бірте Көкшетау және Астана қалаларына дейін кеңейді. Бүгінде компания Қазақстанның барлық аумағынан тапсырс алады. «KIM LABS» ЖШС ұжымында 20 қызметкер бар.

Вячеслав бизнесті жаңа бастаған жастарға арналған кеңестерін бөлісті:

  1.  Сіз өзіңізге қаншалықты көп жауапкершілік алсаңыз, соғұрлым көп ақша табасыз. Егер сізде жұмыс істейтін керемет идея болса – күш жинап, батыл қадам жасаңыз.

  2.  Мүмкіндіктерден бас тартпаңыз, серіктестіктен қорықпаңыз, қателесуден қорықпаңыз. Ешнәрсе жасамайтын адам ғана қателеспейді.

2023 жылы штат кеңеюіне және жобалар санына байланысты Вячеслав компанияның цехы мен кеңсесі орналасқан ғимаратты сатып алуға шешім қабылдады. «Банк ЦентрКредиттен» «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие мақұлданды. Бастапқыда сыйақы мөлшерлемесі жылына 21,75%-ды құрады, оны кәсіпкер 8%-бен төлейді, айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Қор несие сомасының 33% мөлшерінде кепілдік берді.

СКО, Петропавл қ-сы, Жамбыл к-сі, 81 үй

+7 747 256 87 59

vkim24@mail.ru