info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен карантин кезінде айналым капиталын толықтырды

Жаңалықтар
24.08.2023

2001 жылы Раушан Байжұманова отбасымен Өскемен қаласына көшіп келіп, базарға сатушы болып орналасты. 2004 жылы ЖК тіркеп, жинаған қаражатына Алматыдан тауар сатып алып, өзі жұмыс істейтін базарға келіп жеке кәсіпкер ретінде сауда жасай бастады. 2006 жылы «Заречный» базарына көшіп, онда екі орынды жалға алды. 2016 жылы «Родничок» жабық павильоны ашылғаннан кейін кәсіпкер бір сауда орнын жаңа ашылған павильонға көшірді, ал екіншісін көшеде контейнерге орналастырды. Бүгінгі күні оның «Заречный» базарының аумағында «Модняшки» атты бөлімі бар. Жұмыс режимі: күн сайын 8:45-тен 17:45-ке дейін, мұнда клиент өзі жұмыс істейді. «Заречный» базарының осы аумағында балалар киімін сатуға арналған контейнер бар (екінші орны).

Кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Bereke Bank»-тан айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидия есебінен жылына 6% болды. Сондай-ақ, жетіспейтін кепіл сомасына «Даму» Қоры кепілдік берді.

Кәсіпкер тауар сатып алу үшін айына бір рет Алматы қаласына өзі барады, бір рет WhatsApp Messenger арқылы тапсырыс береді.

+7 777 997 16 47

ШҚО, Өскемен қаласы, Достоевский көшесі, 6.