info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапалы медициналық қызметтер қолжетімді бола бастады

Жаңалықтар
23.08.2023

Жұмашева Гүлнар Хамзақызы – жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар маман. Еңбек жолын қатардағы дәрігерден директорлыққа дейін көтерілген, қалалық перзентхана мен Қызылорда облыстық перинаталдық орталығын басқарды. Зейнетке шыққан соң Сырдария өзенінің сол жағалауында «Nazdarmed» атты алғашқы отбасылық және интегративті медициналық емхана ашты. Клиникада ауруды емес, науқасты емдеу принципі жүзеге асады. Жүйелі тәсіл, жеке бағдарламалар, аурудың себебін анықтау, жеке органды емес, бүкіл ағзаны кешенді тексеру және емдеу – оны қаланың басқа емханаларынан ерекше етіп тұр.

Клиника ашу үшін қосымша қаражат қажет болғанда кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасының аясында сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ы субсидияланды, ал Қор өз кепілдігін ұсынды.

Несие қаражатына кәсіпкер медициналық емхананың құрылысын аяқтап және гинекология саласында қолдануға арналған диагностикалық ультрадыбыстық аппарат, жоғарғы тыныс жолдарының аспираторы, реанимацияға арналған дефибриллятор және т.б. заманауи медициналық жабдықтар сатып алды.

«Nazdarmed» vедициналық орталығы өз ісінің кәсіби шеберлерін жинады. Мұнда 32 білікті маман жұмыс істейді, емхананың әрбір дәрігерінің кемінде 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Емхана гинекология, урология, жүктілікті жоспарлау, кардиология, эндокринология және нефрология салалары бойынша қызмет көрсетеді.

Қызылорда қ., Сол жағалау м/а, 76 құрылым

Инстаграм: @nazdarmed_clinic