info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры өзбекстандық әріптестеріне арнап семинар өткізді

Жаңалықтар
25.08.2023

«Даму» Қоры әріптес ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты ұдайы кеңейтіп, дамытып келеді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдау саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді зерделеп, серіктестермен тәжірибе бөлісуді жалғастырып отырады. Осы мақсатта биыл 23-25 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы «Кәсіпкерлік қызметті қолдау мемлекеттік қоры» өкілдері үшін семинар ұйымдастырды. Семинар барысында «Даму» Қоры жүзеге асыратын кепілдік беру, субсидиялау және жеңілдікпен қаржыландыру сияқты ШОБ қолдау құралдары бойынша ақпарат ұсынылды. Серіктес банктерге және қолдау алғысы келетін кәсіпкерлерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі баяндалды, сондай-ақ бизнес-процестерді және қаржы құралдарын цифрландыру процестерін реттеуге қатысты мәселелер де қозғалды. Өзбек тарапы «Даму» Қоры қызметінің нәтижелерін жоғары бағалады және Қор басшылығына, сондай-ақ спикерлерге ШОБ қолдау тәжірибесімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, табыс тіледі.