info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Elite comfort»: Қолжетімді бағадағы элиталық жиһаз

Жаңалықтар
25.08.2023

Сапалы жиһаз ұғымы әрқашан қымбат дегенді білдірмейді. Стильді және ерекше кеңсе интерьерін үлкен шығындарсыз да жасауға болады.

«Elite comfort» жиһаз компаниясы кез келген стильдегі, дизайндағы және күрделі жиһазды шығарады. Қазір ассортиментте: эксклюзив ас үй, гардероб, кіре беріс, қонақ бөлмеле, балалар жиһазы, жатын бөлмелер бар. Кәсіпорынның басты мақсаты – отандық, сапалы жиһазды қолжетімді бағамен қысқа мерзімде шығару. «Elite comfort» – тапсырыс беруші үшін кез келген 3D дизайн жобасын жасайды.

Компанияда өндірістен сатуға дейінгі жұмыстың толық циклі бар. Бұл – нарық қажеті мен тұтынушы талабына жауап беруде көмектеседі.

Қазір Қазақстанның барлық аймақтарына да жеткізеді. Клиенттер арасында жеке тұлғалар да, ұжымдар да бар.

Компания қызметтері бағаны есептеу, эскиз және жобаны әзірлеу, өндіру, құрастыру, орнату, кепілдік қызмет көрсету секілді толық кешеннен тұрады. Компания жиһаздың ұзақ уақытқа шыдайтынына және орнату, жинау кезінде ешқандай оқыс оқиға болмайтынына кепілдік береді. Мұның бәрі құжатталады.

Кәсіпорын 2022 жылы «Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк» ЕБ» АҚ арқылы жиһаз өндірісін кеңейту үшін жылына 14%-бен қаражат алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында оның 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Эскиз көрсетіп, тілегіңізді айтыңыз. Elite comfort» жиһаз компаниясы сіздің идеяңызды жүзеге асыруға көмектеседі!

Шымкент қ., Қазиев көш., 152

Жұмыс уақыты: 09:00 – 19:00; сен/жек 09:00 – 19:00

Телефон: 8 (700) 356 0327, 8 (778) 422 9389