info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ақтөбе қаласындағы пластикалық терезелер өндірісі

Жаңалықтар
25.08.2023

«Идеал Пласт Construction» ЖШС 2009 жылы құрылған. 13 жылдан астам уақыттан бері ПВХ профильден жоғары сапалы металл-пластик терезелер жасап, орнатумен айналысып келеді. «Идеал Пласт Construction» компаниясының өндірісі роботтанған, қазір тұтынушыларға «Deceuninck» атты Бельгия концерннің әлемдік жетекші брендінен ПВХ профильді терезе жүйелерін ұсынады.

Бұл команда да көптеген фирмалар сияқты кәсіпкерлікті шағын істен бастаған. Алдымен кішкентай цех, үлкен арман болды. Көптеген қиындықтарды жеңіп, жетіліп, тұрақты идеяларды жүзеге асыра отырып бүгінгі жетістігіне жетті. Компанияның басқалардан басты айырмашылығы – олар бір сәттік пайдаға баса назар аудармайды, бірақ өнімдер мен қызметтердің сапасын үнемі арттыра отырып, клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынаста болуыды мақсат тұтады. Осының арқасында «Идеал Пласт Construction» ЖШС өңірде көшбасшы орынға шықты.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 100-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, ал өндірілетін өнім түрлері тұрақты түрде жаңарып отырады. Бір жұмыс ауысымында орта есеппен 150-250 дайын конструкциялар шығады.

Компания бірнеше рет «Даму» Қорының Ақтөбе қаласындағы филиалына жүгініп, қолдау алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен алған несиені кәсіпкер 5%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Несие қаражаты құрал-жабдықты жаңартуға және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

«Әр қызметкер – компанияның табыс тізбегіндегі ең маңызды буын. Ал әр клиент – ең сүйікті және қалаулы тұтынушымыз! Осы концепция бойынша адал жұмыс істей отырып, біз жылдан жылға клиенттер санын көбейтіп келеміз», - дейді компания басшылығы. 

Ақтөбе қ., Астана ауданы, Мағжан Жұмабаев көшесі, 2 үй

+7 (7132) 41-27-49

Почта: ip-construction_nursultan@mail.ru

Instagram: @ideal.plast