info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Купондық облигациялардың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойылды

Жаңалықтар
31.08.2023

Бүгін «Даму» Қорының Алматы филиалында купондық облигациялардың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойылды.

photo_5442625662239231702_y.jpg

Бұл жобадағы эмитент – «BRBAPK» компаниясы. Қазақстанда прогрессив технологиялар пайдаланып топырақсыз көкөніс өсіретін жылыжай кешені Алматы нарығын өніммен толтырып, импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

«BRBAPK» ЖШС – BCC Invest қаржы кеңесшісімен бірлесіп 5 жыл мерзімге жылына 20,5% сыйақы мөлшерлемесімен 500 млн теңгенің облигациясын шығарды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы (купондық қаржыландыру) аясында «Даму» Қоры борышкерге мөлшерлемесін жылына 6%-ға дейін төмендетіп, купондық облигациялар пайызын субсидиялады.

Субсидия алған жобаның жалпы құны 500 млн теңгені құрайды. 422 млн теңге мөлшеріндегі қаражатты жаңа жылыжай кешенін құруға, атап айтқанда, лимон және басқа да цитрус жемістерін өсіру үшін Алматы қаласында 0.77 га жерге лимонарий салуға жұмсау жоспарланған. 78 млн теңге айналым қаражатын толықтыруға жұмсалады.

«Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлерге облигациялық қарыздың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдау көрсетеді. Облигация шығару арқылы қаржыландырудың несиеден басты айырмашылығы – кепілді облигациялар сату арқылы бағалы қағаздар нарығына тәуелсіз инвесторлар тарту.