info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Көкшетау қаласында жаңа стоматология ашылды

Жаңалықтар
29.08.2023

«Dr.Akimov 's Clinic1 – терапиядан бастап имплант қоюға дейінгі стоматологиялық қызметтердің барлық түрлерін, медициналық саладағы ең жаңа технологияларды, сондай-ақ терапевт, узист, кардиолог, педиатр, эндокринолог, балалар инфекционисті, маммолог, гинеколог және әрине стоматолог сияқты тар мамандардың кеңестері мен қабылдауларын көрсететін клиника. Қазір штатта 15 адам жұмыс істейді.

«Dr.Akimov 's Clinic» негізін қалаушы – Хамит Едігеұлы жақ-бет хирургі, жоғары санатты дәрігер, облыстық аурухана базасында жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің ординаторы. Хамит Едігеұлына стоматологиялық қызмет көрсету деңгейі жоғары клиника ашу туралы ой ұзақ уақыт бұрын, тіпті студент кезінде пайда болған. Өз клиникасын ашу үшін Хамит Едігеұлы «Даму» Қоры мен «Bereke Bank»-ке жүгінді. 2023 жылдың көктемінде «Dr.Akimov ' s Clinic» клиникаға тұрғын емес үй-жай сатып алу үшін аталған банктен несие алды. Қор «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиеге кепілдік беріп, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, кәсіпкерді қолдады. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпорын несиені 8%-бен төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Бұрын бизнесте тәжірибем болмағандықтан, көптеген қиындықтар мен қорқыныштар болды. Идеям жүзеге асқанға дейін мен «Даму» қорының қызметкерлерінен кеңес алып отырдым. Банк шамамен 10 күн өтінімімді қарады. Бөлінген ақшаға ауданы 160 м^2 болатын клиника ғимаратын сатып алдым. Әрине, стоматология саласында бәсекелестік жоғары. Бірақ мен жеке медициналық мекемеде қабылдайтын жалғыз жақ-бет хирургымын. Сондай-ақ, біздің клиникада барлық стандарттарға сәйкес келетін қызметтердің бар түрі көрсетіледі», - дейді Хамит Едігеұлы.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сабатаев көшесі 120.

Тел: 7 747 148 73 77

Instagram: @Dr.akimovs_clinic