info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодарда жүк тасымалдау қызметі бойынша кезекті жоба қолдау тапты

Жаңалықтар
01.09.2023

«Баянов» ЖК жетекшісі Ренат Баяновтың мамандығы – дене шынықтыру және спорт мұғалімі. Бала кезінен футболға қызығып, Ертісте Қазақстанның барлық жастар құрамасында ойнады. 2020 жылы жүк тасымалдау қызметтерін ұсыну үшін тіркелген.  

Кез-келген бизнес – идеядан басталатыны белгілі. Ренат ұстаздық ете жүріп өз ісін ашу жайын ойлана бастады. Нарықты зерттеп, өз мүмкіндіктерін саралай келе жүк тасымалдау саласында қызмет көрсетуге шешім қабылдады.

Ол алғашқы камаз манипуляторын шамамен 6 жыл бұрын сатып алған. Онымен 3 жыл жұмыс істеді, негізінен ауылдарда қызмет көрсетіп, су құбырын салатын. Уақыт өте келе Ренат Баянов ақша жинап, біраз қарыз алып, кеңейіп, шағын экскаватор сатып алды. Экскаватор қалада жұмыс істеп, жылу, кәріз, су және т.б салаларда қызмет көсетті.

Ал жүктерді Қазақстан бойынша, сондай-ақ ТМД елдері бойынша тасымалдайды. Рейстерге кейде Ренат өзі де шығады.

«Жатқан тастың астына су кірмейді кетпейді дегендей, менің бизнесім жүк тасымалымен байланысты болғандықтан, өсіп, дамып жатырмыз және масштабтты кеңейту үшін қаржы қажет. Қалыпты жұмыс істеу үшін несие жүгі ауыр емес, қарыз қымбат болмауы тиіс. Сонда ғана шығынға ұшырамаймыз», - дейді Ренат Баянов. 

Өз идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «ForteBank» АҚ-ға жүгінді. Несие бойынша мөлшерлеме 21,75%-ды құрады. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы – мемлекеттің субсидиясы. «Даму» қоры кепілдік те берді.

«Біріншіден, жүк тасымалы сапалы болуы керек. Сіз тепе-теңдікті бұзсаңыз, айналаңыздағы адамдарға көптеген проблема тудыруыңыз мүмкін. Мүндай жағдай болмау үшін үнемі дамып келе жатқан тәжірибелі мамандарға жүгініңіз», - дейді Ренат Баянов.

Мекен-жайы: Қазақстан, Павлодар қаласы

Байланыс телефоны: +7 (775) 123-99-60