info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Талғам мен сапа өнері

Жаңалықтар
18.09.2023

«Первомайские деликатесы» компаниясы он бес жылдан астам уақыттан бері халықаралық талаптарға сай келетін шұжықтар мен ет өнімдерін Boszhan атты бредпен шығарып келеді.

Компанияның негізгі қағидаттарының бірі – тұтынушыға жоғары сапалы әрі қауіпсіз тағам ұсыну. Барлық өнім ингредиент таңдаудан бастап дайын өнімді қаптауға дейін қатаң сапа бақылауынан өтеді.

Компания 2022 жылы «ForteBank» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында несие жүгін жеңілдетті.

«Первомайские деликатесы» компаниясының ерекшеліктерінің бірі – барлық өнімнің халал сертификаты бар. Бұл – азық-түлік ислам ережелеріне сай өңделеді дегенді білдіреді. Халал сертификаты халықаралық нарыққа есік ашып, қазір компания араб елдерімен табысты ынтымақтастық орнатқан.

Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, Абай көшесі, 200

+7 701 081 93 19

Почта: bozhan.food@gmail.com

Сайт: www.Boszhan.com

Инстаграм: @boszhankz; @pervomayskiye_delikatesy.