info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мемлекеттің қолдауымен Атырау қаласында жаңа форматтағы заманауи екі «BINOM» мектебі ашылды

Жаңалықтар
05.09.2023

Қыркүйек айының басында Атырауда Дінмұхамед Қонаев (Сарыарқа ықшам ауданы) және әл-Фараби (Нұрсай ықшам ауданы) атындағы жаңа форматты екі заманауи BINOM мектебі ашылды.

Ауданы 22 000 шаршы метр болатын әрбір мектепте 94 оқу кабинеті, оның ішінде 6 кеңейтілген зертхана мен физика, химия және биология кабинеттері бар. Сонымен қатар, 8 информатика кабинеті, 2 спорт залы, хореография залы, 48 орындық мультимедия сыныбы, 300 орындық акт залы, ойын залдары, кітапхана, 75 моноблок орнатылған «Таным» шығармашылық технология орталығы, асхана және медициналық пункт бар. Қазақ және орыс тіліндегі әр мектепке 4000 оқушы сыяды (бір сыныпта 25 баладан).

Пішіндер мен материалдарда шығармашылық эксперименттер жүргізу үшін мектепте 3D принтерлер, металл және ағаш ою шеберханалары, тоқыма өңдеу және технология шеберханалары, ас пісіру орындары, робототехника кабинеті және Steam білім беру кабинеті, сонымен қатар әр оқушыға арналған жеке шкафтар және 10 000 кітаптық кітапхана бар.

«Binom Atyrau»» ЖШС Атырау қаласында екі заманауи «BINOM» мектебін салу жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жылына 20%-бен несие алды. Кәсіпкер оны 7%-бен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Осынау ғажайып мектептер қабырғасынан еліміздің білімді де дамыған ұрпағы шығады деп сенеміз. Осы оқу орнының табалдырығын аттаған әрбір оқушы табысты болашаққа жетелейтін жарқын жолды таңдайды», - дейді «BINOM» басшылары.

Атырау қаласы, «Нұрсая» ы/а Тұяқберді Шәмелов, 1

Instagram: @binom.alfarabi

«Сарыарқа» ықшамауданы Ә. Молдағұлова көш., 193

Instagram: @binom.konayev