info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Haval» автосалоны ашылды

Жаңалықтар
04.09.2023

«Лекс-Авто» ЖШС 2014 жылы тіркелген. Компания бұған дейін «RAVON» және «HYUNDAI» сияқты автокөліктерді сатумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысқан.

Ескі автосалонды сатқаннан кейін Александр Ли түскен қаражатқа 2 қабатты «Haval» автосалонын салу мақсатында жер учаскесін сатып алды. Жер учаскесі автомобиль базарының жанында, қаладан шыға берістегі жол бойында ыңғайлы орналасқан. Әрі тас жол бойы көлік сатып алу кезінде қажет болатын сынақ жүріске өте ыңғайлы.

2022 жылы кәсіпкерге автосалон құрылысын аяқтап, автомобиль сатып алу үшін қаражат қажет болды.

Александр Ли «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына барып, егжей-тегжейлі ақпарат алып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на несие алу үшін жүгінді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясындағы субсидияны ескере отырып, кәсіпкердің несие мөлшерлемесі жылына 6% болды. Сондай-ақ, кәсіпкер «Даму» Қорының кепілдігін алды.

Сы қаражатқа қол жеткізген соң кәсіпкер автосалон мен «Haval» автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысын аяқтай алды. Енді көлік иелеріне автосалон кепілдігі аясында қызмет алу үшін басқа қалаларға барудың қажеті жоқ.

Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары Haval Jolion, Haval Dargo, Haval H6, Haval M6, Tank 300 жаңа автомобильдерінің үлгілерін сатып алып, оларды сынай алады.

Мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 399

моб. +7 775 040 07 05

Instagram: @Haval Taraz