info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«HOLLYWOOD»-тен жарқын күлкі

Жаңалықтар
06.09.2023

Стоматология – медицинадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар –ауру емдеудегі табыстың негізгі факторларының бірі. Ақылы медициналық қызметтер нарығында стоматологиялық қызметтер көш бастап тұр.

Жеке кәсіпкер Дәурен Зұлпықарұлы Жүнісбаев Жетісу облысындағы стоматологиялық қызметтерге деген сұранысты талдай келе, Талдықорған қаласында «HOLLYWOOD» атты клиника ашуға шешім қабылдады.

Жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Forte Bank» АҚ-ға жүгінді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпкер «Даму» Қорының субсидия және кепілдік беру құралдарын қолдана отырып қарыз жүгін жеңілдеті.

Қаражатқа кәсіпкер стоматология ғимараты мен жабдықтар сатып алды. Кәсіпкердің айтуынша, компанияның жетістігі білікті қызметкерлерге және олардың сапалы жұмысына байланысты. Басшының міндеті – жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау.

Инстаграм: @Hollywood_tdk

+7 707 701 69 89

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 129