info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сұраныс бар жерде ұсыныс болады

Жаңалықтар
07.09.2023

«Крепежная застава» ЖШС құрылыс материалдары нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания қала дүкендерін қажетті өнімдермен, сондай-ақ өз дүкендері арқылы құрылыс материалдарын бөлшек саудамен қамтамасыз ете отырып, құрылыс тауарларын тікелей көтерме жеткізеді. Ұйымның негізгі өнімдері парақ пішінді материалдар, еден жабындары, құрғақ құрылыс қоспалары және плиткалар. 2011 жылдан бастап компания құрылыс материалдарын дүкендер арқылы «ТНП» логотипімен сата бастады. Жоғарыда аталған өнімдер қатарына сантехника, душ кабиналары, жиынтықтар және ванна бөлмесінің әртүрлі керек-жарақтары, есік жақтауларын орнату және сату қосылды.

Компания «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға 60 айға 13%-бен несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ын субсидиялай алды. Кәсіпкер қазір қарызын 6%-бен төлейді. Сондай-ақ, кепілзат жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Дүкендерінде құрылыс материалдарының қазіргі ассортиментін сақтау үшін компания айналым қаражатын үнемі толықтырып отыруы керек. Тауарлар мен қызметтердің негізгі сатып алушылары қаланың құрылыс дүкендері, жақын маңдағы тұрғындар, сондай-ақ өңірлерде ТҰК өнімдерін сататын кәсіпкерлер. Өндірушілермен және жеткізушілермен тұрақты серіктестік, тауарлардың тамаша сапасы, қолжетімді бағалар және икемді жеңілдік жүйелері арқылы "ТНП" брендімен жұмыс істейтін компания сатып алушылар арасында жақсы беделге ие болды.

«Крепежная застава» ЖШС

Жетекшісі: Личман Олег Филиппович

Байланыс телефоны: +7 777 708 44 44

Мекен-жайы: ШҚО Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 159/3 ғимарат