info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Kinderly балалар орталығы – үлкен мүмкіндіктер мекені

Жаңалықтар
07.09.2023

Бала дүниеге келген күннен бастап ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерді зерттеп, дұрыс таңдау жасау үшін мұқият дайындалады.

Астанадағы Kinderly балалар орталығы – үш тілде оқытатын және Монтессори, Зайцев, Доман, Железнов бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін заманауи балабақша. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мен олар үшін жайлы жағдай болғаны өте маңызды. Барлық стандарттарға сай, жөндеу және безендіру кезінде экологиялық таза материалдар қолданылады. Арнайы дүкендерде сатып алынған, сертификатты ойыншықтар бар. Компания СН РК 3.02-16-2014 нормасына сәйкес келетін таза ауаны тиімді желдетуге және таза ауаны ұстауға арналған желдету жүйесін орнатқандардың бірі. Сондай-ақ, балабақша ритмика, би, өнер студиялар мен шахмат сияқты шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Kinderly балалар орталығында балаға тәрбиеші мен ересектерге сенуді үйренуге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген «ана мен бала» бағдарламасы бар.

Бүгінгі күні елорданың балабақшаларында орын тапшылығы байқалады. Сол себепті «Kinderly Kazakhstan» ЖШС «Forte Bank» АҚ арқылы 21,75%-бен несие алып, үй-жай сатып алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 13,75%-ын мемлекет субсидиялайды.

Kinderly балалар орталығының қала бойынша 4 филиалы бар және we.project, astanakids.kz порталдары сияқты тәуелсіз басылымдардың бағалау нәтижелері бойынша Астана қаласының ең жақсы орталықтарының бірі болып саналады.

Instagram: @kindery_astana

+7 702 698 88 11

Астана, Сауран, 34а

Сайт: www.kinderly-astana.kz