info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Газоблок шығаратын rомпания

Жаңалықтар
08.09.2023

«Экотон+» компаниялар тобы – автоклавта қатайтылған газблоктар өндірісі бойынша Қазақстандағы көшбасшы компания.

Ұяшықты бетоннан газблок, силикат кірпіш, әктен жасалған бұйымдар өндіретін алты зауыт жұмыс істеп тұр. Оның ішінде төртеуі тек газбетон өндіреді (үшеуі Қазақстанда, біреуі Өзбекстанда). 1 силикат кірпіш өндіреді, 1 әк өндіреді. Өндірісте шамамен 925 адам жұмыс істейді. Компания құрылған күннен бастап 7 млн м3 газоблок өндірілді.

Қазір «Экотон+» Қазақстандағы қабырға материалдары нарығының ең ірі және белсенді ойыншысы. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіруге, жобалау-іздестіру қызметіне, сараптамалық жұмыстарға, инжинирингтік қызметтерге және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензиялары бар.

«Экотон+» АҚ зауытын Үкімет пен ҚР Президенті құрылыс нарығының ең жоғары талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи құрылыс материалдарын өндіру бойынша Қазақстанның инновациялық-технологиялық даму бағдарламасы аясында іске қосты. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімдері-бұл жоғары сапалы құрылыс материалдарының ұлттық бренді.

Бизнесті кеңейту мақсатында «Экотон-Батыс» ЖШС «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына қолдау сұрап келді. «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен алған несие қаражатын айналым қаражатын толықтыруға жұмсады. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау тауып, қазір кәсіпкер қарызын 5%-бен төлейді. Айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Бүгінгі таңда «Экотон+» компаниялар тобы үнемі жетілдіруге ұмтылады және жоғары сапалы автоклавты газдалған бетонды ұсынады.

Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Тайбеков көшесі, 14 үй

Телефон: +77479555551

Почта:im.aktobe@ecoton.kz

Instagram: @ecotonbatys