info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Құрылыс материалдарын шығаратын «КазСтрой-Экология» ЖШС мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
11.09.2023

«КазСтрой-Экология» ЖШС экологиялық таза геотехнологиялар саласында он жылдан астам жұмыс істеп келеді. Компания шығаратын Bentolock брендінің материалдары жердің, жер асты суларының және топырақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әртүрлі ластаушы заттардың топыраққа және жер асты суларына енуінен қорғайтын сенімді өткізбейтін қабат саналады. Материалдар мұнай-газ өндіру және өңдеу өнеркәсібі нысандарының құрылысында, сондай-ақ жол құрылысында қолданылады. Ғимараттардың жерасты бөліктерін заманауи геокомпозиттік материалдармен қорғаудың инновациялық технологиясы бентонит негізіндегі Bentolock-story іргетасты ылғалдан қорғайды. 2018 жылы «КазСтрой-Экология» ЖШС құрылыс тауарларының ассортиментін айтарлықтай кеңейтіп, өз өндірісінің «Құрылыс алаңын» ашты.

Кәсіпорын «Альфа-Банктан» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестиция үшін қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 15 пайыздың 9 пайызын құрайды. Несие қаражатына көбік полистирол өндіру желісін іске қосты.

«КазСтрой-Экология» ЖШС аймақ экономикасын, оның өндірістік қуатын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуде.

Инстаграм: @stroydvor.kz

Мекен жайы: Алматы қаласы, Ратушного к-сі, 88а/1.

Байланыс телефоны : +7 (701) 199-96-00