info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Бек-Авто» автомектебі – көлікті еркін тізгіндеңіз

Жаңалықтар
11.09.2023

Сіз қара жолда көлікпен еркін жүйткіп жүруді тез арада үйренгіңіз келе ме? Шымкенттегі «Бек-Авто» автомектептер желісі жүргізуші куәлігін алуға көмектесетін бірегей жеделдетілген курс ұсынады.

Автомектептің артықшылықтары: жылдам оқыту, тәжірибелі нұсқаушылар, ыңғайлы кесте және қолжетімді баға. Қазақстан бойынша Шымкент, Астана және Алматы қалаларында 9 филиал жұмыс істейді.

Жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық курс барысында фото және бейне материалдар ұсынылады. Сондай-ақ 2023 жылы дайындалған және ең өзекті ақпаратты қамтитын кең ауқымды онлайн оқулық бар.

Қазақстандағы жол қозғалысы ережелері бойынша тесттердің жаңа базасы халыққа қызмет көрсететін арнайы орталықтарда емтихан тапсыруға алдын ала дайындалуға көмектеседі. Ең бастысы, автомектеп үлкен оқу тәжірибесіне негізделген тестілеудің өз жүйесін әзірледі.

Жеке кабинетте сіз мұғалімге кез келген уақытта сұрақ қоя аласыз. Автомектепте жүргізушілерге теориялық білім беруде үлкен тәжірибесі бар үздік мұғалімдер жұмыс істейді. Мұғалімдер Online жүйеге қосылып, үнемі желіде болады. Бірегей оқыту жүйесінің көмегімен автомектеп болашақ жүргізушілерді дайындайды, сондай-ақ олардың 90 пайызы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында емтиханды бірден тапсырып шығады. Бұған әсіресе автомектеп шығарған онлайн өнімдер ықпал етеді.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында автомектеп 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан автокөліктер паркін кеңейту үшін қаражат алды және кепілзат жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры өз кепілдігін ұсынды.

«Бек-Авто» автомектептер желісі мамандардың сенімді жүргізуші болуға көмектесетініне кепілдік береді.

Телефон: +77072037431 Шымкент қ., +77071730473 Алматы қ., +77754799325 Астана қ.

Сайт: www.bekavto.com