info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ұзақ мерзімді мақсаттар мен сапалы қызмет көрсету

Жаңалықтар
14.09.2023

«Мансұр» ЖК – 2018 жылдан бастап Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне түрлі маркалы көмір жеткізумен айналысады. Сондай-ақ арнайы техниканы, атап айтқанда, экскаваторларды жалға береді.

Әлемдегі ең үлкен «Богатырь» көмір кенішімен ынтымақтаса отырып, «Мансұр» ЖК басшысы Ерболат Жұмаділов бизнесін кеңейту туралы шешім қабылдады.

Ол үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкінен» 19,5%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазір қарызын алты пайызбен төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаны «Даму» қорымен бірлесіп жүзеге асыруға үш ай уақыт кеткен.

«Жыл өткен сайын әлемде электр энергиясы көп тұтынылуда. Болжамдарға қарасақ, белгілі бір жылдар ішінде дүниежүзілік энергия тұтыну 60%-ға дерлік артады және көмір оның негізгі көзі болып қала береді. Сондықтан бизнес тек дамиды деп ойлаймын, өйткені қазір тұрақты тұтынушыларымыз бар, біз сапалы жұмыс әстейміз. Бәсекелестік өте күшті, нарықта кадр тапшылығы бар. Менің ойымша, бизнестің табысты болуы үшін бизнес иесі ең алдымен, серіктестермен жақсы қарым-қатынасты сақтап, ұзақ мерзімді мақсаттар қойып, өнім мен қызметтің сапасына қамқорлық жасауы керек. Жалпы, өз бизнесіңіздің ұйымдастырушысы болыңыз»,-дейді кәсіпкер.

Мекенжайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

+ 7 705 508 08 08