info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Семей қаласындағы «Шабыт» шығармашылық студиясы

Жаңалықтар
13.09.2023

Манатова Алина Тәуірбекқызы – Семей қаласындағы «Шабыт» шығармашылық студиясының негізін қалаушы және жетекшісі. Алина мектеп қабырғасында жүріп-ақ тұлға ретінде танылды. Мектептегі түрлі іс-шараларға белсене қатысатын. Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледж жанындағы балалар музыкалық студиясын бітірді. Мектептен кейін колледжге хор дирижері бөліміне түсіп, 2012 жылы оны үздік бітірді. Қазір бес бала тәрбиелеп отыр.

Төртінші баласы дүниеге келгенкен кейін Алина балабақшаға жұмысқа шығып, онда екі жыл жұмыс істеді. Осы жерде жүріп балаларға арнап шығармашылық студия ашқысы келетінін түсінді. Жұбайының қолдауымен 2019 жылы «Шабыт» шығармашылық студиясы дүниеге келді. Ал 2020 жылға қарай екінші филиал ашылды. Онда көркем гимнастика, заманауи би, фортепиано және вокалдан жеке сабақтар секциялары жұмыс істейді. Сондай-ақ, ересектер үшін йога мен бачатадан сабақ бар. Студия 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде әртүрлі қиын кездер болды, әсіресе пандемия кезі ауыр өтті. Бірақ оның бәріне қарамастан, кәсіпкер бизнесін сақтай алды және бүгінгі күнге дейін шығармашылық салада дамып келеді.

2022 жылы студияны жөндеу жұмыстарына «First Heartland Jusan Bank» арқылы несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында пайыздық мөлшерлеме субсидиялау есебінен арзандатылып, кәсіпкер үшін 6% құрады. Сондай-ақ Қордың кепілдігі берілді.

«Алдағы уақытта мен бұдан да ірі және ауқымды жоба ашу үшін «Даму» қорына жүгінуді жоспарлап отырмын. Егер баяу, бірақ сенімді қадам басатын болсақ, онда мақсатқа міндетті түрде қол жеткізіледі деп ойлаймын! Кәсіпкерлерге көрсеткен қолдауы үшін «Даму» қорына рахмет», - дейді Алина Манатова.

+7 747 454 69 75

Абай облысы, Семей қаласы, Мәнгілік Ел 29.

Инстаграм: @studio_shabyt_a.m