info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Comfort dental» – цифрлық стоматология орталығы

Жаңалықтар
18.09.2023

Медициналық қызметтердің коммерциялық негізге біртіндеп көшуіне байланысты бәсекелестік өсуде, қызметтер нарығы, тиісінше, сұраныс кеңеюде.

Оның ішінде медицинада қарқынды дамып келе жатқан бағыт –

стоматология. 2023 жылдың 2 тоқсанында Маңғыстау облысы бойынша стоматология саласында 810 450 мың теңгеге 86231 қызмет көрсетілді.

Жеке клиникалар жеке тәсілді, жылдам қызмет көрсетуді, заманауи жабдықты, сапалы препараттарды, тиімді емдеу әдістерін ұсынады.

2021 жылы Ешмұхаметов Мирас Рахымбайұлы стоматологиялық қызмет көрсету үшін «Стомалит» ЖШС тіркеді.

Қызметті кеңейту үшін инвестиция қажет болғанда «Bereke bank»-тен 105 000 000 теңгені 21%-бен 60 ай мерзімге алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында оның 6%-кәсіпкер төлейді, ал 15%-ын мемлекет субсидиялайды.

Клиника жөндеуден өтіп, стоматологиялық жабдықтар сатып алынды.

Қазір «Comfort dental» стоматологиясы «Даму» Қорының арқасында заманауи стоматологиялық қызметтердің барлық түрін көрсетеді. Оңтүстік Кореяның соңғы үлгідегі жабдығы Alltion 5000 микроскобы арқылы емдеумен айналысады. Жақ, бет, мойын, қабыну процестерінің туа біткен және жүре пайда болған патологияларын диагностикалап, хирургиялық емдеуді жүргізеді. Сондай-ақ, тістерді прогрессивті және қауіпсіз әдіспен ағарту және протездеумен айналысады.

Ақтау қ. 17 шағынаудан, 23 үй Флоренция ТҮК, 2 блок, 2 қабат

+7 777 362 77 77

Стоматологиялық орталық