info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Пациентке сапалы медициналық көмек көрсететін көп салалы медициналық орталық

Жаңалықтар
06.10.2023

Пациентке сапалы медициналық көмек көрсететін көп салалы «Della Vita» медициналық орталығы Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында 2020 жылы ашылған. Медициналық орталықта күрделі сырқаттарды емдейтін білікті мамандар жұмыс істейді. Атап айтқанда: невропатолог, эндокринолог, кардиолог, УДЗ маманы, неонатолог, педиатр, гинеколог және басқалар бар.

Дәрігерлер тобы әрдайым пациенттердің мүддесі үшін әрекет етеді, сондықтан әрбір ем бағдарламасы мамандардың консилиумы арқылы жасалады. Олар медициналық көмек оң нәтиже беруі үшін пациент ағзасының барлық ерекшеліктерін ескереді.

2023 жылы кәсіпорын одан әрі жұмыс істеу үшін УДЗ аппаратын сатып алу туралы шешім қабылдады және «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен несие алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 7%-бен төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазір «Della Vita» – медициналық қызметтердің толық кешенін көрсететін Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы жалғыз медициналық орталық.

СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 4б

+7 747 506 3630

Instagram: @medtsenter.dellavita