info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Neuro Vita медициналық орталығы» ашылды

Жаңалықтар
15.09.2023

«Neuro vita медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың наурыз айында ашылып, ғимарат жалдап, ақылы медициналық көмек көрсете бастады.

Табысты тәжірибе мен қызметтің оң нәтижесін ескере отырып, Айгүл Айтбаева жекеменшік үй-жай сатып алу туралы шешім қабылдады.

2022 жылы Айгүл Айтбаева медициналық орталық ғимаратын сатып алуды жоспарлап, егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына жүгінді. Толық кеңес алып, ең төменгі пайыздық мөлшерлемені біліп, несие алуға шешім қабылдады. "Қазақстан Халық Банкі" өтінімді қарап, несиені мақұлдады, жоба «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша қолдау алды.

Қазір кәсіпкер несие қаражатына сатып алған ғимаратта медициналық орталық сәтті жұмыс істеп тұр.

Жамбыл облысы, 10 (Аса) Ш/а, 31А үй

Instagram: neuro_vita_taraz

Телефон: +7776-183-67-89