info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алтын тас – керамикадан плита шығаратын цех

Жаңалықтар
19.09.2023

Жас кәсіпкердің Нұрбек Тұрмағанбетов бизнеспен айналысқанына көп болған жоқ. Ол өз кәсібін 2021 жылы 27 жасында бастаған. Соған қарамастан, қазір тұрақты және табысты істі дөңгелентіп отыр. Өз қаражатына брусчатка, тастан жасалған бұйымдар шығаратын өндірістік база сатып алды.

2022 жылы цех құрылысын аяқтау мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында субсидия және кепілдік беру құраларын пайдалана отырып жеңіл несие рәсімдеді.

Бүгінде брусчатка, пеноблоктар мен кенере тастардың алуан түрін шығаруға мүмкіндігі бар. Цехта 5 адам жұмыс істейді. Өнімге сұраныс тек жеке тұлғалардан ғана емес, түрлі кәсіпорындардан да күн санап артып келеді. Өндірістік цехтың бір артықшылығы – дайын өнімнің бағасы нарықтағы бәсекелестерінен төмендігінде.

«Бүгінде біз өндіріп жатырған өнімге сұраныс үлкен. Жылына 20 мың шаршы метрге жуық брусчатка және 20 мың бірлік бордюр өнім өндіреміз деп отырмыз. Тротуарлар мен жиектер нарығындағы бәсекелестік біз сияқты өндірушілерді жаңа технологиялар іздеуге, сапалы материалдар таңдауға және Еуропа елдерінің тәжірибесін пайдалануға түрткі болады», - дейді кәсіпкер.

Қызылорда қаласы, Қосшыңырау а/о, Доман ауылы, Д.Елеусінов көшесі, №6

+7 778 998 41 05