info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Балалардың үйлесімді дамуы – табыс кепілі

Жаңалықтар
22.09.2023

Алматыда кәсіпкер Ильдана Имачикова 2014 жылы «Радость детства» атты балабақша ашты. Мұнда 9 топ бар. Кішкентайлар үшін 180-нен астам орын, бірегей бейімделу жүйесі әзірленіп, 100% нәтиже берді. Балалар мен олардың ата-аналары үшін үйірмелер мен түрлі шаралар өткізіледі.

Мекеменің білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы мен өртке қарсы талаптарға сәйкестігі туралы тексеру актісі бар.

Компания баланың мектепке дейінгі мекемеде толыққанды өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды. Баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларда отансүйгіштік, белсенді өмірлік ұстаным, түрлі өмірлік жағдайларды шешуге шығармашылық көзқарас, дәстүрлі әдет-ғұрыптарды құрметтеу сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Бұл мақсаттар балалардың іс-әрекетінің әртүрлі түрлерінің: ойын, қарым-қатынас, еңбек, танымдық-зерттеу, өнімді, музыкалық және көркемдік әрекеті процесінде жүзеге асырылады.

«Даму» Қорының «Жібек Жолы» бағдарламасы аясында 2018 жылы «Jusan Bank» АҚ арқылы 7 пайызбен несие алып, екінші балабақша ғимараты сатып алынды. 5 жылдан кейін жұмыс істеп тұрған балабақшаны жаңғыртуға «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша «Центр Кредит банктен» 21,75%-бен несие алып, «Даму» Қоры оның 13,75%-ын субсидиялайды. Компания несие қаражатын балалар ойын алаңын жөндеуге жұмсады.

Қолдау арқасында компания қызмет көрсету аясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Инстаграм: @radost_almaty.kz

Мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин к-сі, 166

Байланыс телефондары : +7-777-283-00-44