info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қазақстанның еті әлемдік нарыққа шығады

Жаңалықтар
18.09.2023

Бердібек Қайыржан Астана қаласындағы Нәрікбаев атындағы    заң университетін университетін бітірген соң, еңбек жолын Атырау облысының прокуратурасында бастады. Бірақ көп ұзамай бизнес ашуға деген ұмтылысы табысты компанияның негізін қалауына түрткі болды.

Қазір «KBB Group» ЖҚ ет өнімдерін жеткізуде он жылдық тәжірибесі бар және өзін жоғары сапалы қазақстандық өнім ұсынатын сенімді серіктес ретінде танытты.

«KBB Group» ЖҚ миссиясы – елдегі ет өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін импорт көлемін азайту және халықты отандық және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы етпен қамтамасыз ету. «KBB Group» ЖК компаниясының ет өнімдері мемлекет бекіткен СТ-KZ, ISO 9001 және ISO 1400 сертификаттары негізінде жұмыс істейді. Сала қызметкерлері: союдан бастап тұтынушыға дейін жеткізуде халал стандартының ережелерін қатаң сақтайды».

«Сондай-ақ Атырауда кәсіпорынның ірі сұрыптау қоймасы мен өндірістік цехы бар. Цехты 1000 шаршы метрге дейін кеңейтіп, ет өнімдерін еліміздің барлық аймақтарына өткізу, мал бордақылау жоспарда бар», - дейді жас кәсіпкер Бердібек Қайыржан.

Қазір өнеркәсіпшілер отандық ет өнімдерін Қытай, БАӘ, Иран сияқты көрші елдерге экспорттау арқылы нарық көшбасшысы болуға ұмтылуда.

Айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «KBB Group» ЖҚ «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 21,75%-бен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 14,75%-ын мемлекет субсидиялайды, ал 7% айырмашылықты кәсіпкер төлейді. Қордың кепілдігі несие сомасының 55,6%-ын құрады.

Атырау қаласы, Ауэзов көшесі,80

+7 775 584 50 00

пошта:@kbb_kz01@mail.ru