info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады»

Жаңалықтар
22.09.2023

Ирина Некрасова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 2016 жылдан бері ағылшын тілін тереңдетіп оқытады.

Мектеп оқушыларға пәндер бойынша түрлі бағыттағы бағдарламаларды таңдауға мүмкіндік береді. Мектеп барлық мемлекеттік стандарттарына сәйкес және басқа мектептерде өткізілмейтін немесе аз өткетін арнайы пәндерді оқытады. Ағылшын тілі сабақтары күн сайын бірегей әдістеме бойынша жүргізіледі және әр оқушының әлеуетін ашуға бағытталады.

Жоспарын жүзеге асыру үшін кәсіпкер Басымдық берілген жобаларға несие беру механизмі шеңберінде 120 ай мерзімге Ақтау қаласындағы «ForteBank» АҚ-нан қажетті кредиттік қаражатты алды. Кредит бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрады. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін 6%-бен төлейді, ал 9%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Ағылшын жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары білікті педагогтардың үйлесімді және шығармашылық ұжымы жұмыс істейді. Қамқор және зейінді мұғалімдер әрдайым оқушыларымен бүкіл білім беру жолынан өтіп, оқушыларға алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесуге қуанышты.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 31/2 ғимарат

Байланыс: +7 (7292) 50 05 21, +7 (7292) 52 41 37

Инстаграмм: @englishschool_aktau