info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Алматы қалалық филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
22.09.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Алматы қаласындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Нұрғазинов Жандос Бақытбекұлы журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап Алматы қаласында:

  •         «Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 940,5 млрд.теңгеден астам 8 164 жоба қолдау алды (пандемия кезеңінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда);

  •         «Кепілдендіру» құралы бойынша кепілдік сомасы 55,4 млрд.теңгеден астам, жалпы сомасы 128,6 млрд.теңгені құрайтын несиелер бойынша 3 927 кәсіпкерлердің жобасына қолдау көрсетілді.

Оның ішінде осы жылы:

  •              «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 101,9 млрд.теңгеден астам 806 жобасы қолдау алды, оның ішінде:

- «Ұлттық жоба» аясында несие сомасы 88,5 млрд.теңгеден астам 797 жоба;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жалпы сомасы 13,9 млрд теңгеден астам 9 жоба қолдау тапты.

  •              «Кепілдік беру» құралы бойынша қала кәсіпкерлерінің жалпы несие сомасы 19,9 млрд теңгені, ал кепілдіктер сомасы 9,2 млрд теңгені құрайтын 474 жобасына қолдау көрсетілді.

20230922_093210.jpg

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды.

20230922_091747.jpg 

Анықтама ақпарат: 

1.    « BRBAPK » ЖШС

2016 жылы индустриялық аймақ аумағында «NAC Agro» брендімен «BRBAPK» ЖШС жылыжай кешені ашылды. Бұл – топырақсыз көкөніс өндіруге арналған озық технологияларды пайдаланатын заманауи технологиялық кешен. Бұл технология өнімділікті арттыруға, оның топырақ сапасына тәуелділігін, аурулар мен зиянкестерге бейімділігін азайтуға мүмкіндік береді. Жылыжай кешенінің орташа өнімділігі 1 шаршы метрге 5-10 кг-мен салыстырғанда 25-30 кг құрайды. Кешен 17 гектар жер телімінде орналасқан, оның 12 гектары тікелей көкөніс өсіруге пайдаланылады. Қазір бұл Алматы қаласының нарығын толтыруға және оның импорттық өнімдерге, негізінен қызанақ пен қиярға тәуелділігін азайтуға көмектесетін Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені. Жылына 7 мың тоннадан астам және тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс береді. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жеке инвесторлар жүзеге асырды, инвестиция көлемі 7,8 млрд теңгені құрады, 150 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылыжай кешені голландиялық Dalsem Horticultural Projects B.V. тәсілімен іске қосылды.

Компания «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдындағы қарызын (бұрын инвестиция үшін алған) «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы жылына 14% мөлшерлемемен қайта қаржыландыру түрінде қолдау алды. Кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал қалған бөлігін мемлекет субсидиялайды, сондай-ақ «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында (купондық обигациялар арқылы қаржыландыру) инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан қор биржасы» АҚ арқылы жылына 20,5% мөлшерлемемен қолдау алды: инвестициялар (жобалау, жер қазу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдық сатып алу). Оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал қалған бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Қазір компания өндірістегі жаңа және қолданыстағы бағыттарды одан әрі дамытуды, оның ішінде өндірілетін өнім ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Компания мекенжайы: Алматы қ, Алатау аудыны, Алғабас ы/а., Индустриалдық аймақ. Сайт: www.nacagro.com. Инстаграмм: @nacagrokz

 

2.    «Бижан ет комбинаты» ЖШС 

Шұжық және ет деликатес өнімдерін шығаратын «Бижан ет комбинаты» ЖШС 1998 жылы қазан айында Алматы қаласында құрылған. Қазір кәсіпорында жоғары сапалы шұжық пен ет өнімдерінің 100-ден астам түрі шығады. Барлық өнім эксклюзив технологиямен, ферманың салқындатылған етінен жасалған. «Бижан» компаниясының Қазақстанда 2 зауыты бар: өнімнің негізгі бөлігін Алматы қаласындағы Бижан ет комбинаты өндіреді, сондай-ақ шикізатты Көкшетаудағы Бижан ет комбинаты жеткізеді. Кешенде мал сою цехы, шұжық цехы, жартылай фабрикаттар және консерві цехы бар. Көкшетаудағы зауыт толықтай халал стандарты бойынша жұмыс істейді. Онда ірі қара мен жылқы сатып алып, бордақылаумен, сондай-ақ жылына 3 мың бас жас малды күтіп-бағумен бордақылау базасын кеңейтумен айналысады. Мал шаруашылығы ғимараттары қора, сарай, жем жеп, су ішетін тораптармен жабдықталған. Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестиция үшін қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиенің 15 пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің 9 пайызын Қор субсидиялайды. Жаңа зауыттың арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Компания мекенжайы: Алматы қ-сы, Алатау аудыны, Алғабас ы.а., Индустриалдық аймақ. 7-ая к-сі, 142/55 үй.Сайт: www. bizhan.kz. Инстаграм : @bizhanmpz


3.    «TEPLOSTIL» ЖШС 

«TEPLOSTIL» ЖШС 2019 жылы құрылған. Кәсіпорын өнеркәсіптік аймақ аумағында орналасқан, учаскенің жалпы ауданы 1 га, өндірістік алаңы 2000 ш.м. (2900 ш.м. дейін ұлғайту жоспарлануда). «TEPLOSTIL» ЖШС фасадтар мен құрылысқа арналған термопанельдер мен сәндік бұйымдар шығарумен айналысады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары жеке тұлғалар болып келеді. Өнім түрлері:

• Руст (травертинге ұқсас материал)

• Классикалық кірпіш (имитация)

• Скандинавия тасы имитациясы

• Жабайы тас имитациясы

• Ағаш имитациясы

• Қос қабат арасындағы кенере MS 140

• Төменгі корпус PS 104

• база

• Капитель

• Бүйір кенересі MS 124

• Шатыр астындағы кенере KS 108

• PS108 құлып және т.б

«Еуразиялық Банк» АҚ арқылы өз қызметін кеңейту үшін кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша инвестиция үшін несие алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, 19%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 13%-ын Қор субсидиялайды. Қолдау арқасында «TEPLOSTIL» ЖШС өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашты.

Компания мекенжайы: Алматы қ-сы, Алатау аудыны, Алғабас ы.а., Индустриалдық аймақ. 7-ая к-сі, 130/7 үй. Сайт:www.teplostil.kz. Инстаграмм: @teplostil_kazakhstan


4. «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС

Компания 2021 жылы тіркелген. Компания ПВХ өнімдерін өндіретін жетекші өндіріс орындарының бірі. Металл-пластиктен кез келген күрделі витраждар, терезе және есік жүйелерін өндіру және орнату бойынша жұмыстарды орындайды. Өз қызметін кеңейту үшін компания «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында «Center Leasing» ЖШС-дан инвестицияға несие алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, 21,75%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 13,75%-ын Қор субсидиялайды. «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС осы қолдау аясында жаңа жұмыс орындарын ашты. 

Компания мекенжайы: Алматы қ-сы, Алатау аудыны, Алғабас ы.а., Индустриалдық аймақ. 7-ая к-сі, , 142/41.Сайт: www.tehnovid.kz


5. «ZAMAN» элиталық қазақ мектебі» ЖШС

«ZAMAN» ЖШС элиталық қазақ мектебі алғаш 2018 жылы мамыр айының басында тіркелген. Кәсіпорынның қызметі – жалпы және орта білім беру. Жобаның мақсаты – 590 оқушыға арналған математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын қазақ мектеп-гимназиясын кеңейту үшін жаңа ғимарат салу. Бұрынғы «Дәулет» орта білім беру мектебінің ұстаздары мен оқушыларын қабылдап алған мектепке 13 жылдан астам уақыт болды. Педагогтар ұжымының 90%-ы «ескі мектептен» келген. Жеке білім беру нарығында қызмет еткен жылдар ішінде мектеп қазақ тілінде оқытатын жетекші мектептердің бірі ретінде танылды. Мектепте халық педагогикасының озық дәстүрлеріне негізделген тәрбие жұмысының тиімді жүйесі құрылған. Мектепте халық педагогикасының озық дәстүрлеріне негізделген тиімді тәрбие жүйесі құрылған. Мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орта білім беру стандартының сапалы қызметін көрсетіп қана қоймай, халықаралық деңгейде оқытудың әдістері мен формаларын белсенді түрде енгізуде. Мектеп салу үшін компания «Bereke Bank» АҚ-нан қаржыландыруға өтінім беріп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылына 15%-бен несие алды, оның 9%-ын «Даму» АҚ Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (Исламдық қаржыландыру) шеңберінде «Al-Hilal Ислам Банкі» АҚ жылына 14%-бен несие алып, оның жылдық 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді. Жаңа мектептің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Компания мекенжайы: Алматы қ-сы, Наурызбай аудыны, Қарғалы ы.а., Кенесары Хан к-сі, 56/1 участкесі. Инстаграм : @zaman_school.kz