info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ақтөбедегі темірбетон бұйымдарының ірі өндірушісі

Жаңалықтар
21.09.2023

«Стройдеталь» ЖШС Батыс Қазақстан құрылыс кешенінің ірі компанияларының қатарына кіретін, жарты ғасырлық даму тарихы бар қарқынды дамып келе жатқан көпсалалы кәсіпорын.

Құрылыстың барлық түрлеріне арналған темірбетондардың кең желісін, қабырға тастары мен абаттандыру элементтері, керамзит қиыршық тастары, құрылыс және флюс әк, ағаш және ПВХ ағаш бұйымдарын шығарады. Сондай-ақ тұрғын үйлерді, әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді салумен және сатумен айналысады.

Компанияның тарихы 60-шы жылдардан басталады. Осы уақытта өнеркәсіп саласында құрылыстың қарқынды дамуы жүріп жатқандықтан, құрылыс нысандарын темірбетон өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 1967 жылы ЖБИ зауытының құрылысы аяқталып, 1968 жылы зауыт алғашқы өнімді шығаруға кірісті.

1998 жылы ЖБИ-70 зауыты «Стройдеталь» ЖШС болып қайта құрылды, ол бұрынғы кәсіпорынның профилін толық сақтап, қуатын арттырып, жаңа қызмет бағыттарын ашты. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік бағдарламасы аясында зауыт көпір салуға арналған ұзын көлемді темірбетон бұйымдарының жаңа түрлерін игеріп, өндіріске енгізді.

Темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша қызметті кеңейту мақсатында айналым қаражатын толықтыру үшін компания «Даму» Қорының Ақтөбе филиалынан қолдау сұрады. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Bereke Bank» АҚ мөлшерлемесі жылына 15% құрады, оның ішінде кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды. 

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Промзона, 15 ғ.

Телефон: +7 (7132) 77-35-62

E-mail: stroydetal@mail.ru

Instagram: @stroydetal.aktobe