info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Master drive»

Жаңалықтар
25.09.2023

Биыл Көкшетау қаласында техникалық қызмет көрсетететін «Master drive» атты станция ашылды. Автоорталық кез келген күрделі стартерлер мен генераторларды кәсіби жөндеу, заманауи жабдықта автокөлікті диагностикалау, электрик қызметтерін көрсетеді.

«Master drive» – қаладағы стартер/генератор жөндейтін жалғыз орталық. Кепілдік бере алатын, электр, қозғалтқыш және жүріс бөлігіне қажет 35000-нан астам қосалқы бөлшегі бар.

Жобаны «И.А.Омелян» ЖК жүзеге асырды. Ирина Александровна жұбайымен бірге кәсіпкерлік қызметті 2006 жылы азық-түлік өнімдерін сатудан бастаған. Содан кейін 2012 жылы автокөлік бөлшектерін сатуға көшті. 2014 жылы алғашқы «Master drive» авто кешені салынды. ТҚҚС салу және жабдықтар сатып алу үшін 2021 жылы «Forte Bank»-тен несие алынды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында субсидиялап, соның арқасында кәсіпкер қарызын тек 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры өтейді.

«2012 жылдан бастап мен автосервиспен айналысамын. Екінші автокешен құрылысы үшін біз Уәлиханов көшесіндегі жер учаскесін сатып алдық. Ондағы кешен құрылысы үш жылға созылды. Осы жылдың көктемінде ТҚҚС іске қосылып, жоғары білікті шеберлер жұмыс істеп жатыр. Бизнес өркендеуде, біздің клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін демалыс орны мен кофехананы, сондай-ақ автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет біздің автосервиске кіретін жолдарды жөндеп жатыр. Клиенттер бар, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз» - дейді «Master drive» ТҚҚС басшысы Дмитрий Омелян.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 195М.

Тел: +7 747 122 71 06

Instagram: @masterdrive.kz