info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шеберлікпен жасалған жиһаз

Жаңалықтар
19.10.2023

Табысты жиһаз өндірісінің негізін қалаған Кутиков Виталий батыл шешімдер мен сапаға деген адалдық бизнесте керемет табысқа әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді.

Кәсіпкердің бизнес тарихы 2014 жылы жиһаз жабдықтарын сатумен айналысқан кезде басталды. Бірақ Виталий тек сатумен ғана шектелмеді, ол осы саланың мүмкіндігін болжай білді. Сатылатын тауар көлемін талдай отырып, ол жиһаз өндірісімен айналысуға шешім қабылдады.

Бай тәжірибе мен клиенттерінің арқасында, бюджеттік нұсқалардан бастап керемет премиум шешімдерге дейін әртүрлі деңгейдегі жиһаздарға тапсырыс түсе бастады. Оның компаниясы жоғары сапалы ЛДСП-дан жиһаз жасауға машықтанған. Өнім ассортименті кеңсе жиһазынан бастап ас үй мен жатын бөлмелеріне дейін қамтиды.

Биыл өндірісті дамыту үшін кәсіпкер мемлекеттік қолдауды пайдаланды. Ол «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында кәсіпкер үшін несие мөлшерлемесі жылына 8%-ғана құрайды, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Виталий өз бизнесін дамытуды жалғастыруда, клиенттерге сапалы жиһаз ұсынады және еңбекқорлық кәсіпкерлікте керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп келеді.

СҚО, Петропавл қаласы, Некрасов көшесі 91

Тел: 8-777-365-93-99

Instagram: @yutnaya_mebelkz