info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«СВеГА» - сапа, жайлылық және сұлулық

Жаңалықтар
26.09.2023

«СВеГА» тігін цехының Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдан асты. Цех қызмет көрсету саласы, медициналық мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы киім, форма тігеді. Қазір компания Ақмола облысында өз саласында көшбасшы болып тұр.

Кәсіпорын басшысы Галина Владимировна Плотникованың мамандығы – «тігін технологы және конструкторы». 1989 жылдан бастап Көкшетау тігін фабрикасында жұмыс істеді. 2001 жылдың қыркүйегінде Галина Владимировна тігін бұйымдарының дизайнерлерімен бірге «СВеГА» атты тігін кәсіпорнын ашты. Ол атау – Сайран, Вера, Галина, Азина атты бастамашылар есімінің аббревиатурасы еді.

2020 жылдың көктемінде «СВеГА» ЖК «АТФ Банктен» «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 6%-бен төлейтін жеңіл несие алды. Қаражат тігін жабдықтарын жаңартуға жұмсалды. Кәсіпорын ашылғанкүннен бастап қаланың әр жерінде үй-жай жалдап жұмыс істейтін. Ақырында, 2022 жылдың күзінде тігін шеберханасы үшін «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алып, жеке ғимарат сатып алынды. Несиені «Даму» Қоры кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидиялады. Соның арқасында кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19,5%-дан 6%-ға дейін төмендеді.

Қазір «СВеГА» – толық циклды өндіріс цехы.

  • - дизайн әзірлеу;

  • - конструкцияларды дайындау;

  • - тігін өндірісі;

  • - логотип салуға дейін қызмет түрлері бар.

Киім тігу кезінде мақта мен полиэфирден тұратын аралас маталар қолданылады. Аралас маталардың көптеген артықшылықтары бар: олар гигроскопиялық, мақта маталары да «дем алады», бірақ әжімдер аз болып, жуу кезінде отырмайды, өнімнің пішінін сақтайды. «СВеГА» бұйымын жасау қолжазбасы танымал. Кесу сапасы, өнімді отырғызу және тігу - басқа өндірушілерден жақсы ерекшеленеді.

Кәсіпорынның негізгі клиенттері қала мен облыстың медициналық мекемелері ғана емес, сонымен қатар санаторийлер, балалар лагерлері, қонақ үй кешендері, мейрамханалар, кәсіптік мектептер мен жоғары оқу орындары болып табылады.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Бәйкен Әшімов көшесі, 195.

Тел: 8 (7162) 254309, 8 705 862 09 81.

Instagram: @svega_kokshetau.