info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен айналым капиталын толықтырды

Жаңалықтар
27.09.2023

«Family Market Company» ЖШС 2019 жылдың мамыр айында Еремеева Инна Владимировна ашты. Азық-түлікті бөлшек саудалаумен айналысады. «Family Market Company» ЖШС минимаркеті 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінің бір бөлігін алып жатқан үй-жайда орналасқан.

Дүкенде тұтынушыларға арналған тауарлардың ассортименті мол сатылады. Бұл дүкеннің ерекшелігі – нан-тоқаш өнімдері мен сүт өнімдеріне үстеме баға қойылмайды. Дүкендердің жұмыс режимі сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін.қызметкерлер саны 29 адам. Дүкендерге тауарлар дистрибьютерлік компаниялар арқылы жеткізіледі. Өз қызметін кеңейту үшін компания осы жылдың мамыр айынан бастап басқа минимаркет үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға ала бастады.

Компания «Қазақстан Халық Банкінен» айналым қаражатын толықтыруға 14%-бен 36 айға несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 8%-ды құрайды. Кәсіпкер тек 6%-бен қарызын төлейді.

Болашақта жалпы ауданы 450 ш.м. болатын үшінші минимаркетті ашуды жоспарлап отыр. Қазір қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

+7 777 854 02 42

ШҚО, Өскемен қ., Жібек жолы к-сі, 3 үй, 2в.