info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында полистирол бетон блоктарын өндіру жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
28.09.2023

Тараздық Дәулетхан Дүйсебаев «Agro-Qulyrys» атты жеке кәсіпкерлік нысанын тіркеп, 2020 жылдан бері полистирол бетон блоктар шығарып келеді.

Полистирол бетон блоктары соңғы кезде кең тарап, құрылыста жиі қолданыла бастады. Ол энергия мен жылу үнемдейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттері үшін жоғары бағаланады. Бұл материалдан жеке үй ғана емес, көп қабатты, өндіріс ғимараттары да салынып жатыр. Полистирол бетон блоктарының негізгі өлшемі: 200*300*500 мм.

Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты кәсіпкер даму үшін тауар ассортиментін ұлғайту қажет екенін түсініп, жабдық сатып алуға шешім қабылдады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Жамбыл филиалына хабарласып, несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алған Дәулетхан құжаттарын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл филиалына 17,5 млн теңге несие алу үшін тапсырды. Несие мақұлданды. Жобаны «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялап, кепілдік берді.

Несие алу кәсіпкерге өндірісін ұлғайтуға және өнім өткізетін жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 278/1.

Телефон: +7700-204-05-04

Instagram: @taraz.polistirolbeton