info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Павлодарда жаңа бастаған кәсіпкерге арналған жоба қолдау тапты

Жаңалықтар
27.09.2023

Арман Бүркітбаев 2022 жылғы желтоқсанда «ДСТ-PVL» ЖК тіркеп, 2023 жылғы ақпан айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде белсенді жұмыс істей бастады. Алдымен үш тонналық тиегіш сатып алып, қызмет ұсына бастады. Арманның жол салу жұмыстарында тәжірибесі мол болғандықтан, бизнесті де осы салада ашуға бел буды.

Жүк тиегіштер құрылыс, жол салу, аумақтарды тазалауда қажет. Сұраныс жоғары. Кәсіпкердің негізгі міндеті – сапалы қызмет көрсету.

Компанияның бәсекеге қабілеттілігіне көптеген фактор әсер етеді. Атап айтқанда:

  • қызмет бағасы;

  • тапсырыстарды жылдам орындау;

  • қызмет сапасы;

  • қызмет көрсету сапасының маңызы зор.

Идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Bereke Bank»-ке жүгінді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21,75%-дың несиені кәсіпкер алты пайызбен төлейді, айырмасы – мемлекеттік субсидия. «Даму» қоры да кепілдік те берді.

«Бизнестің жоғары деңгейде дамуы үшін нарықты, көрсетілетін қызметтердің қажеттілігін, көбірек жарнаманы және адамдармен қарым - қатынасты талдап алу қажет», - дейді Арман Бүркітбаев.

Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы

+7 (771) 043-77-35