info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Zhaik Electric» - сапа, өндіріс, шешімдер

Жаңалықтар
28.09.2023

«Zhaik Electric» ЖШС компаниясы 2019 жылы құрылды және осы өте аз уақыт ішінде өзін сенімді, жауапты серіктес және электр энергетикасы саласындағы электрмен жабдықтаудағы әлемдік, ғылымды қажет ететін инновациялық технологияларды әзірлеу, өндіру, іске асыру және енгізу саласында жас, қарқынды дамып келе жатқан зауыт ретінде көрсете алды.

«Zhaik Electric» ЖШС жаңа, заманауи технологияларды әзірлеп, өндіріске енгізе отырып, уақыт көшінен қалмауға тырысатын мамандар тобы жұмыс істейді. Шығарылатын өнім автономды гибридті энергия қондырғылары (АГЭУ), катодты қорғау станциялары, блок-контейнерлер, электр шкафтары мен қалқандар, автомат шкафтардан тұрады.

«Zhaik Electric» ЖШС өндірісті кеңейту үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алды және «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мөлшерлемені 5%-ға дейін төмендетті. Ал кепіл жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Компания сапа менеджменті жүйесінің (ISO) стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. Барлық өндірілген жабдықтар сертификатталған.

ҚР, БҚО, Орал қаласы

+7 (7112) 933-667

Сайт: www.zeu.kz