info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жоғары сапалы материалдардан кабель өндіріліп жатыр

Жаңалықтар
05.10.2023

«Ақнұр кабель» ЖШС – Қазақстан аумағында кабель өнімдерін шығаратын жетекші зауыттардың бірі. Компанияның кабель өнімдері отандық және шетелдік өндірістегі шикізаттың үздік компоненттерін пайдаланады. «Ақнұр кабель» ЖШС кәсіпорнының мақсаты – ҚР стандарттарына сәйкес келетін және еуропалық баламалардан кем емес жоғары сапалы кабель өндіру және сату.

Кабель өндіруді зауыт 2007 жылдан бастады. Қазір кабельдің 1000-нан астам түрін шығарады. Ұжым Түркия Республикасының аралас кәсіпорындарында оқыды, шеберлердің көпшілігі дипломды мамандар. Зауыт өндіретін кабельді құрылыс объектілерінің бас мердігерлері, олардың инженерлік қосалқы мердігерлері, мұнай компаниялары және сапалы кабель өніміне қажеттілігі бар кез келген басқа тапсырыс берушілер пайдаланады.

2022 жылы компания «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-202 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында полимер материалдарды өңдеуге арналған жабдықтарды, орау жабдықтарын, сондай-ақ экструзициялық желіні сатып ала алды. Несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мақұлдады.

Зауыт жоғары сапалы кабельдер жасау үшін отандық және шетелдік шикізаттың үздік компоненттерін пайдаланады. Атап айтқанда, сапалы мыс өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіретін Қазақстан Республикасы Балқаш тау-кен металлургия комбинатының мысы. Өрт қауіптілігі төмендетілген поливинилхлоридті пластикаттан оқшаулау және Түркия мен Ресей өндірісінің ПВХ пластикаты (неміс технологиясы бойынша). Сондай-ақ, кәбілге электриктердің онымен жұмыс істеуі кезінде оңай босаңсуға мүмкіндік беретін арнайы химиялық қоспалар (know how).

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Суворов көшесі, 65А

Тел.: +7 (701) 503 74 80, +7 (701) 301 71 24

Пошта: info@aknurcable.kz

Инстаграм: @aknurcable