info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Мемлекеттік қолдаумен бизнесті дамыту – бизнеске мол мүмкіндік

Жаңалықтар
02.10.2023

Жол құрылысы – автокөлік жүретін жолдарды, көшелер мен кіре берістерді жобалап, жасап, жөндеуді қамтитын қызмет саласы. Мұндай бизнестің өзектілігі айқын. Өйткені көптеген аймақтардағы жол қабаты түбегейлі жаңартуды қажет етеді.

«Арлан» жеке кәсіпкерлік нысанының директор Қабидолданов Ербол Күлібекұлы 2009 жылдан бастап осы салада кәсіпкерлікпен айналысады.

Арнайы техникасын жаңарту үшін кәсіпкер «Даму» Қорынан қолдау алды. Атап айтқанда инвестиция үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында Қордың кепілдігін пайдаланды.

Бұл қаражатқа кәсіпкер өзі қатысуды жоспарлап отырған Жетісу облысының автожолдарын жөндеудегі мердігерлік жұмыстарға арналған экскаватор, тиегіш және жүк көлігін сатып алды.

«Қазір мемлекет кәсіпкерлердің ісін дамыту үшін барлық жағдайды жасауда. Мен жеке кәсіпкер ретінде «Даму» Қорынан кепілдік алдым. Осының арқасында арнайы техникалы болдым», - дейді жеке кәсіпкер Ербол Күлібекұлы.

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Д. Нұрпейісова көшесі, 28 үй.

+7 771 746 09 08