info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Шығармашылық – оқушылардың даму процесінің маңызды бөлігі

Жаңалықтар
27.09.2023

Қазір ата-аналар балалардың терең білім алуына қатты мән береді. Қай мектепке баратынын мұқият зерттейді. Егер мектепке көңілі толмаса қосымша білім алатын жерлерді іздей бастайды.

Дәстүрлі орта білім берудегі проблемаларын ескере отырып, 2019 жылы кәсіпкер Уалиева Айнұр Зейнуллақызы «Bilim kemesi ortalygy» білім-шығармашылық орталығын ашуға шешім қабылдады. Онда әр бала өзіне қызықты саламен айналысып, дами алады. Орталық шығармашылық бойынша жұмыс істеп, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім береді. Онда мектеп бағдарламалары бойынша жеке оқытушылар, тіл үйрететін курстар, физика-математикалық бағыт бойынша қосымша дайындықтар, көркемсурет курстары, сондай-ақ робототехника үйірмесі бар. Мұғалімдер әр оқушыға бірегей тәсіл табу маңызды екенін түсінеді, мүмкіндігінше сапалы және ең бастысы қызықты тәсілмен білім беруге тырысады.

Бизнесті одан әрі дамыту үшін компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша Қордың кепілдігін пайдаланды және Қор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.

Қаражат тұрғын емес үй-жәй алуға жұмсалды. Жаңа ғимарат көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Instagram: @bilim_kemesi_ortalygy

+7 701 603 2912

Астана қаласы, Бердібек Соқпақбаев көшесі, 5-үй