info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ерұлан Жамаубаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Жаңалықтар
04.10.2023

WhatsApp Image 2023-10-03 at 19.05.10.jpeg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Қ. Жамаубаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің кезекті көзбе-көз отырысын өткізді.

Директорлар кеңесі компанияның 2019-2023 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу, атқарушы орган мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталарына және олардың 2023 жылға арналған мақсаттарына өзгерістер енгізу және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өңірлік филиалдары туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту мәселелері бойынша корпоратив шешімдерді егжей-тегжейлі қарады және қабылдады.

Сондай-ақ, талқылау нәтижесі бойынша директорлар кеңесінің мүшелері компанияның 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2019-2023 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есепті және 2023 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдер жөніндегі есепті бекітті.