Дзюдо – балаларға арналған жекпе-жектің ең қауіпсіз түрлерінің бірі саналады. Мұнда, таэквондо мен каратэден айырмашылығы – басы мен денесіне соққы тимейді, балалар жаттығуды 3 жастан бастап бастай алады.
Бұл спорт балаларға кішіпейілділік пен өзін және басқаларды құрметтеуге үйретеді. Әр әдісте сабақ бар, әр лақтыру тек күштің әсері ғана емес, спортта да, өмірде де тепе-теңдікті түсіну.
2019 жылы «ORTUS Martial Arts» ЖШС балаларға арнап дзюдодан спорт клубын ашты. Ұйымның мақсаты – жекпе-жекке үйрету, балаларды тәрбиелеу, олардың денсаулығы мен дамуын нығайту. «ORTUS Martial Arts» ЖШС бастапқыда спорт залдарын жалға алады, жалдау шарттарының жиі өзгеруіне байланысты өз үй-жай сатып алу туралы шешім қабылдады.
Осы оймен компания «Банк ЦентрКредит» арқылы 21,75%-беннесие алды. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13,75%-ын мемлекет субсидиялайды. Қаражат 1 261,1 ш. м. үй-жай сатып алуға жұмсалды.
Қазір «ORTUS Martial Arts» ЖШС спорт клубына 400-ден астам бала келеді. Олардың арасында спорт шеберінің кандидаттары мен республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар.
Instagram: @ortus.kz
Байланыс телефоны: 8 708 931 16 92
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 43