info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Жамбыл облысының Байзақ ауданында сауда орталығы ашылды

Жаңалықтар
04.10.2023

«Арзигүл» ЖК 2012 жылдан бастап құмнан блоктар өндірумен айналысты.

Бұл – әмбебап құрылыс материалы, құм мен цемент қосымдысынан құйылады. Кәсіпкердің мұндай үш цехы бар.

Жақсы пайда мен қызметтің оң нәтижелерін көрген кәсіпкер бизнестің жаңа бағытын бастап, жиған қаражатына сауда орталығын салу туралы шешім қабылдады.

Осыдан кейін Арзигүл Чункибаева «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына барып, егжей-тегжейлі кеңес алып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на несие алды. Жоба «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдігі және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдары бойынша қолдау тапты.

Осы сауда орнын салған соң Арзигүл Чункибаева жергілікті тұрғындарды тауарлар мен тағамдардың мол ассортиментімен қуантты.

Сарыкемер ауылы, Н.Дидарбеков көшесі, 33Н.

Моб.: +7771-331-82-54