«Азия-СМ» ЖШС – «Ptotec» сауда маркасымен салқындатқыш сұйықтықтар (антифриздер) шығарады. Бұл өнім жоғары сапасының арқасында тұтынушылардың көңілінен шықты. Компанияда шикізат пен өнім сапасын бақылайтын ғылыми-зерттеу орталығы, сондай-ақ өндіріске жаңа технологиялар енгізуге және пайдалануға мүмкіндік беретін өз зертханасы бар.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын банктен алған несиесінің мөлшерлемесін 8%-ға дейін төмендетіп, кепілзаты жеткіліксіз болғанда 50%-дық кепілдік алды.
Соның арқасында компания 250 жұмыс орнын ашып, өндіріс қуатын арттырды. Негізгі клиенттері тау-кен, жол, ауыл шаруашылығы секторларының өкілдері. Оның ішінде «Protec» антифриздері Huyndai автомобильдерін конвейерде құрастыру кезінде қолданылады.
Новошоссейная көшесі, 8
+7 (7212) 98-33-33, сайт https://protec.kz/