info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Нептун Engineering» ЖШС «Даму» Қорынан мемлекеттік қолдау алды

Жаңалықтар
05.10.2023

«Нептун Engineering» ЖШС - алюминий, мыс, тот баспайтын, мырышталған болаттан және cor-ten болаттан ғимарттардың сыртқы бетіне және интерьерге панельдер жасайтын қазақстандық өндіруші. Компанияның мақсаты – Еуропа мен АҚШ-тың ең үздік жаңа өнімдері мен технологияларын Қазақстанда көрсету, талғам мен дизайнерлік шешімді дамыту, металдың әртүрлі түрлерінен қасбеттің талғампазға арналған жобаларын жасау.

Компания дайын сызбаларды пайдалану арқылы қасбет бөлшектерін жасауды ұсынады. Қасбеттерге арналған конструкторлық бюроның арқасында мамандар техникалық стандарттарға сәйкес егжей-тегжейлі дизайн ұсынады. Тәжірибелі сәулетшілер әр тұтынушыға дұрыс шешімдер ұсынады, қасбеттің қажетті дизайнын, қасбет эскизін әзірлеуге көмектеседі және кез келген металл қасбеттердің қолайлы пішіндері мен түс реңктерін таңдасады.

Компания «Даму» Қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік, сондай-ақ жеңіл несие түрінде қолдау алған. Соның арқасында өндірісті айтарлықтай кеңейтті, жаңа жұмыс орындарын ашты, бюджетке түсімдерді арттырды.

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Алгабасская к-сі, 2а

Сайт: ne@neptun.kz

Инстаграм : @ne.kz

Байланыс телефондары : +7 (727) 378-74-87, +7 (701) 999-98-43