info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Азамат Таштаевтың көлік компаниясы – сенімді тасымал

Жаңалықтар
09.10.2023

Қазақстан бойынша магистральдық жүк тасымалдаумен айналысатын Азамат Ахметжанұлының бизнестегі қадамы 2012 жылы тамызда, азық-түлік сатудан басталды. Осы бизнесте ол тауар, жүк жеткізуде көп қиындық көрді. Жүк тасымалдау қызметтері нарығын зерттеп, сұраныс пен ұсыныстар динамикасын анықтай келе Mercedes-Benz 814 жүк көлігін өз қаражатына сатып алуды шешті.

Ал 2022 жылы компанияның балансында 7 дана автокөлік болды.

Сол жылы, компанияның паркіне тағы 3 автокөлік қосу мақсатында «Таштаев Азамат Ахметжанұлы» ЖК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на қаржы алуға жүгінді. Несие мақұлданған соң «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде «Даму» Қоры несиені ішінара субсидиялап, компания 6% төлейтін болды.

«Біздің жүргізушілер командасы жақсы, ауызбірлігі мықты. Барлық шығындарды өтеу және жүргізушілерге лайықты жалақы төлеу үшін жақсы көлік қажет. Компанияның автопарк техникасы жеткілікті болуы клиенттерге ыңғайлы. Бұл көрсетілетін қызметтерді уақтылы және мерзімінде орындауға мүмкіндік береді», - дейді Азамат Ахметжанұлы.

Болашақта «Даму» Қорымен ынтымақтаса отырып, автопаркті одан әрі кеңейту жоспарлануда.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ., Б.Момышұлы көш., 25

E-Mail: derty.ee@mail.ru

Телефон нөмірі:  +7 (778) 535 78 77; +7 (778) 292 85 86