info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Batys Dent - заман талабына сай емхана

Жаңалықтар
11.10.2023

25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі стоматолог Мусина Кама Асқарқызы өзінің кәсіпкерлік қызметін 2016 жылдың басында өзінің стоматологиялық клиника ашудан бастады. Мұнда: ортопедиялық, стоматологиялық, терапиялық-стоматологиялық қызметтер көрсетіледі.

Қызметтің кеңеюіне байланысты кәсіпкер Орал қаласында екінші стоматологиялық клиника ашуды жоспарлап отыр, ол үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жаңа ғимарат пен жабдықтар сатып алу мақсатында несие қаражатын алуға жүгінді. Қарыз «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 21%-бен мақұлданды, оның 15% -ын «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдендіру құралы есебінен кепілдіктің жеткіліксіздігі проблемасы шешілді.

Стоматологиялық клиниканы кеңейтудің арқасында жаңа жұмыс орындары ашылды.

Қазір «Batys Dent» стоматологиялық қызметтердің барлық түрін ұсынады:

- Тістерді ауыртпай емдеу;

- Ауыз қуысының қызыл етін емдеу;

- Тістерді имплатанциялау;

- Тістерді протездеу;

- Тістерді ағарту;

- Тістерді кәсіби тазалау;

- Тістерді жұлу;

- Тіс плазмолифтингі.

Batys Dent – заман талабына сай емхана.

БҚО, Орал қаласы, Қадыр Мырза-әлі, 16, Ажар ТК

Телефон: +7 771 405 05 59

Instagram: @batysdent.uralsk