info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» қоры «1000-Арал» ЖШС жобасын қолдады

Жаңалықтар
11.10.2023

«1000-Арал» ЖШС 2011 жылдан бастап ірі жүк тасымалдау саласында аутсорсинг қызметтер көрсеіп келеді. «1000-Арал» ЖШС балансында қызметкерлер мен жүк тасымалдауға арналған 6 автомобиль бар. Әдетте «1000-Арал» ЖШС SHACMAN, трактор сияқты арнайы техниканы жалға алады.

2023 жылы компания жалға алынған жабдықты меншікке сатып алу туралы шешім қабылдады. Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалына қаржыландыруға жүгінді. Кеңес алғаннан кейін «1000-Арал» ЖШС құжаттар пакетін жинап, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на қаржыландыруға өтінім беріп, несие бойынша мақұлдау алды. «1000-Арал» ЖШС «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында «Даму» Қорының кепілдігін алды.

Несие қаражатына Компания SHACMAN самосвалдары мен тракторын сатып алды және өз саласында табысты жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл облысы, Мыңарал а., Рахымқұл Садықов к-сі, 30 үй

+7776-000-09-87