info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«PARTY FOOD» ұсынған ең дәмді пицца

Жаңалықтар
13.10.2023

Фаст-фуд өмірімізге мықтап енді. Дәрігерлер ағзаға тигізетін зияны туралы үнемі айтып отырса да, оны тұтыну тоқтап қалмайды. Анда-санда немесе аяқ асты дастархан жаю керек болғанда жұрт фаст-фудты таңдайды.

Талдықорғандық Party Food пиццериясының табыс тарихы «Қазақстандағы ең танымал фаст-фуд мейрамханаларының бірі болу» идеясынан басталды. Пиццерияның негізін қалаушы – «Сәттісі» ЖШС басшысы Чен Ирина Викторовна.

Ирина Викторовна 20 жылдан астам уақыттан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Пиццерия ашу пиццаны үйге жеткізуден басталды. Өйткені ол кезде Талдықорғанда ешкім пицца жасап, үйге жеткізбейтін. Алғашқы Party Food пиццериясы 2007 жылдың тамызында ашылды.

Бүгінгі күні пиццерия 20-дан астам пицца түрін жасайды, сонымен қатар «Chiken menu» және «Burger menu» бар. Фаст-фуд мәзірін біртіндеп кеңейту барысында компанияға қаражат қажет болды. Осыған байланысты «Қазақстан Халық Банкінен» 21,75%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясындағы субсидия есебінен пайыздық мөлшерлеме 8%-ға дейін азайды.

Қазір PARTY FOOD – Талдықорғандағы нөмірі бірінші фастфуд желісі. Компания жергілікті фаст-фуд нарығының 60%-ына ие және өзінің call-орталығы, смартфон қосымшасы, ас үй фабрикасы, 100-ден астам персонал және күн сайын мыңдаған клиентә бар. Сонымен қатар, Қонаев қаласында да филиалы жұмыс істеп тұр.

Инстаграм: @partyfood.tdk

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Мушелтой ш / а, 8 үй;

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал ш / а, «City Plus», 2 қабат;

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы 99;

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Гагарин көшесі, 137-үй

Телефон: 3169