info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Даму» Қоры Шымкент қаласы филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарда өткізген ПРЕСС-ТУРЫ

Жаңалықтар
12.10.2023

Бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету – өңірдің ғана емес, тұтас елдің кәсіпкерлік секторын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұған «Даму» Қорының Шымкент қ. бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырған пресс турға қатысқан БАҚ өкілдері көз жеткізді. 

Пресс тур аясында «Шымкент қаласындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп, онда өңірлік филиал директоры Түктібаев Ерлан Кеңесұлы журналистерге нәтижелерді баяндады.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап облыста:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 317,3 млрд теңге болатын 4523 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 3315 жобасы «Даму» Қорынан 30,0 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 65,6 млрд теңгені құрайды. 

Оның ішінде жыл басынан бері:

·        кәсіпкерлердің несие сомасы 43,0 млрд теңге болатын 486 жобасы субсидияланып,

·        кәсіпкерлердің 391 жобасы «Даму» Қорынан 5,7 млрд теңгелік кепілдік алған. Мұндағы жалпы несие сомасы 13,2 млрд теңгені құрайды. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері бизнесін дамытуға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған кәсіпорындарға барды. Журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің нақты бизнес-кейстерімен танысып, олардың өз аузынан жеңіл несие алу, несиені субсидиялау арқылы қарыз жүгін жеңілдету, несиеге кепілдік алу секілді құралдарды қалай пайдаланғандарын естіді. Сондай-ақ Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытудағы өзекті мәселелер жайлы біліп, кәсіпорын басшыларынан сұхбат алды. 

Анықтамалық ақпарат:

1)    «Сабыр Ақбота Дәулетқызы» ЖК – «Danico» брендімен балаларға тоқыма өнімдері мен киім шығарады. Кәсіпорын «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы құрал-жабдықтар алу үшін жылына 19,5%-бен несие алды. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында ішінара субсидиялануда. Қазір кәсіпорын қарызын 6 пайызбен төлейді.

2)    «ADAN мектебі» ЖШС – толық күндік жекеменшік бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Мектеп мультимедиялық құрылғылар, кликер, интерактив тақта секілді баланың барынша қызықты жолмен білім алуына сай заманауи жабдықталған. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектепке негізгі құралдарды сатып алуға «Forte Bank» АҚ арқылы жылына 14%-бен несие алды және оның 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

3)    «Шым Снаб 13» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы қаңқасы металл жиһаз өндірумен айналысатын ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын оқу орындарына арналған жиһаз өндірісін сәтті игеріп, тұтынушыларына осы өнімдердің алуан түрін ұсына алады. 2023 жылы компания «Банк ЦентрКредиттен» құрал-жабдық сатып алу үшін жылына 21,75%-бен несие алды. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында ішінара субсидияланып, қазір кәсіпорын үшін несие мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды.