info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ас – адамның арқауы

Жаңалықтар
16.10.2023

2002 жылы ашылған «Каравай нан зауыты» ЖШС нан, нан-тоқаш өнімдері мен кондитерлік өнімдер өндіреді. Кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді. «Каравай нан зауыты» ЖШС қазір цехтар мен гараж, кеңселер орналасқан ғимаратты жалға алып отыр. Сонымен қатар, қоймалар орналасқан өндірістік база да бар.

Компания түрлі ұйымдармен нан-тоқаш өнімдерін жеткізуге келісімшарттар жасасқан. Оны жеткізіп беретін 17 көлік бар. Өскемен қаласының дүкендеріне уүн сайын таңғы сағат 5:00-ден бастап өнім жеткізіледі.

Зауыт басшылығы инвестиция қажет болғанда «Банк ЦентрКредиттен» 21,75%-бен несие алды. (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кәсіпкерге кепілдік те ұсынды.

Компания Өскемен қаласының нан мен ұннан өнім шығаратын табысты кәсіпорындарының бірі. Мұнда қазір нанның 30, ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің 32 атауын шығарады.

+7 705 101 20 80

ШҚО, Өскемен қаласы, Элеваторная көшесі, 2-үй.